Войти через

  • 22°C

Среда, 24 апреля

Шұғыл: коронавирус Ақсу және Ескелді аудандарында тіркелді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Алматы облысында коронавирустың тағы 24 жағдайы тіркелді. Олар Кеген, Іле, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындарынан анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирус анықталғандардың ең үлкені 76 жастағы зейнеткер болса, ең кішісі 6 айлық сәби.

«Пациенттердің науқасы медициналық комиссиядан өту барысында, медициналық көмекке жүгіну кезінде және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кездерінде анықталған. Науқастар қазір Талдықорғандағы әскери госпитальдің, Қарасай аудандық ауруханасының, Шелектегі аудандық аурухананың инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды», - делінген хабарламада.

Ауырған азаматтармен 143 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы оқшауландырылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде.

21 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ инфекциясымен тіркелгендер саны 262-ге жетті.

Фото: pixabay.com

Это может Вас заинтересовать