Войти через

  • -12°C

Суббота, 03 декабря

Шағын ғана кәсіп ашу үшін «Даму» Қорынан қандай қолдау ала аласыз?

TINFO
TINFO
Служба новостей
Егер сіз микро-, шағын кәсіпкерлік субъекті санатына жатсаңыз және бизнес-жобаңызды жүзеге асыруға 20 млн теңгеге дейін қаржы қажет болса, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында қолдау алыңыз.

👌 Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жылына 6%-бен (субсидия есебінен) несие алып, банк талап еткен кепілзатыңыз жетпеген кезде «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланыңыз. Бағдарламаның артықшылықтары көп. Мысалы:
✔️ Бизнестің саласына шектеу жоқ
✔️ Қор өтінімді қысқа уақытта қарастырады
✔️ ЕДБ/МҚҰ және Қорға аз құжат өткізесіз

📌 Бағдарлама аясында субсидиялау шарттары:
🔸 Максимал сома:
▪️ инвестицияға - 20 млн тг дейін
▪️ айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн тг дейін
🔸 Сыйақы мөлшерлемесі – субсидия есебінен 6%
🔸 Сусбсидия мерзімі:
▪️ инвестицияға – 3 жыл
▪️ айналым қаражатын толықтыруға - 2 жыл

📌 Бағдарлама аясында кепілдік алу шарттары:
🔸 Максимал сома:
▪️ инвестицияға - 20 млн тг
▪️ айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн тг
🔸 Кепілдік көлемі: несие сомасының 85%-ы
🔸 Мерзімі: несие мерзімінен аспайды

🧐 «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында субсидия/кепілдік алуды қадам-қадам бойынша түсіндірер болсақ:
📝 Портфель субсидия/кепілдігін алу үшін кәсіпкер:
1) ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру сұрап өтінім береді.
2) Жобаны кешенді түрде сараптамадан өткізген соң ЕДБ/МҚҰ тарапы оң шешім шығарса – «Даму» Қорына несие шарты мен қабылданған шешім жайлы ескерту-хатты жолдайды
3) Содан кейін Қор кепілдік міндеттемесін ұсынып, банк-кәсіпкер-Қор арасында субсидия жайлы үшжақты шарт жасалады.

👉 Бағдарлама шарттарымен толығырақ танысу үшін Қордың сайтына https://damu.kz/programmi/ сілтемесі бойынша кіру керек. ☎️ Сондай-ақ қосымша сұрақтар болған жағдайда 1408 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.

Это может Вас заинтересовать