Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Үшаралдық жас ұстаз автокөлік мінді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз  аты –ұлы, әрі мәңгілі » атты  салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Мерекелік шараға  облыстың  аудандары мен қалаларының білім саласының басшылары, оқу орындарының оқытушылары қатысты. Аймақ басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Батыржан  Байжұманов жиналғандарды құттықтап сөз сөйледі.

«... Білім беру сапасын жақсартып, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығын жою, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау, инклюзивтік қоғам құруға белсене атсалысуымыз керек.  Шәкірт  бойына білім мен тәлімді тәрбие  нәрін сепкен ұстаздар  қауымы  кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Салтанатты жиында білім саласында  зор еңбек сіңіріп, табысты қызмет жасап жүрген  мұғалім мен педагог-тәрбиешілер  марапатталды. Оның ішінде  ҚР Президенті атынан Алғыс хат, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғысы, Алматы облысы  әкімінің  Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты    сала қызметкерлеріне  құрметпен табысталды.  «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне Талдықорған сервис және технология колледжінің директоры Л. Базарқұлова, қаладағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Г. Жиренбаева да ие болды. «Ыбырай Алтынсарин»  төсбелгісі екі ұстазға — Б. Мұстафина мен М. Мұхамедиеваға  тапсырылды.

Сапалы білім  мен саналы тәрбиені  жас ұрпақ бойына дарытып,  зор жетістіктерге қол жеткізген білім ошақтары облыс әкімінің номинациялары бойынша арнайы сертификаттармен  марапатталды. «Үздік ауыл мектебі» — аталымында  Еңбекшіқазақ ауданындағы №1 орта мектеп, «Үздік балабақшаны» — Қапшағай қаласындағы «Искорка» балабақшасы, «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» - Алматы экономикалық колледжі, «Орта білім беретін үздік ұйым» - номинациясында Текелі қаласының №8  орта мектебі  жеңімпаз атанды.

 «Үздік педагог-2019» атағын Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Ә. Тойшыбекова, Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі С. Жанаберлиева және қапшағайлық Д. Қоспаева иеленді. Сондай-ақ, « Жылдың үздік  сынып жетекшісі» атағына  Текелі қаласындағы №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Тутеев лайық деп табылыпты.

Ал «Жылдың үздік мұғалімі» атағы мен жеңіл автокөлік кілті Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы №1 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Алмас Тұрсынбаевқа салтанатты түрде  табысталды.

«Облыс әкімінің қолдауымен жыл сайын мұғалімдер арасында «Жылдың үздік мұғалімі» байқауы өткізіліп келе жатқаны белгілі. Биылғы облыстық сынға 24 ұстаз қатысып, 1 орынды жеңіп алдым.   Оған жаңартылған білім бағдарламасы мен робототехника, ІТ саласын жетік білуім негіз болды», - дейді жеңімпаз.

Фото: «Жетісу медиа» КММ.

Это может Вас заинтересовать