Войти через

  • 8°C

Четверг, 25 апреля

Үштөбеде 100 адамға зекет берілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы аудандық орталық мешіттің алдында 100 адамға зекет берілді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Көмек  көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көмекке мұқтаж адамдарға таратылды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қоры арқылы кенжелеп қалған парызды насихаттап, дамытып жүрміз. Біз ауқатты мұсылмандарға жолығып, «Зекетті орындаңыз, бұл сізге жақсылық әкеледі. Орындамасаңыз, екі дүниедегі байлық құрдымға кетеді» деп түсіндіреміз. Байлар кедейлердің қақысын беріп тұрса, біздің қоғамда мұқтаж адамдар азаяды. Адамдар өз қақыларын заңды түрде алғаннан кейін қоғамдағы ұрлық-қарлық, тонау, кісі өлтіру, көреалмаушылық, байдың дүниесіне ашкөздікпен қарау тиылады. Зекет алған адамның жағдайы жақсарып, өзі де зекет беретін жағдайға жетеді», - дейді «Зекет» қорының Талдықорған өңірі бойынша өкілі Серік Сарымолдаев.

Қаратал аудандық «Зекет» қорының өкілі Қанат Егизов зекет берген адамның мойнынан парызы түсіп, берекесі артатынын тілге тиек етіп, жүз адамға біріліп отырған зекетті Руслан Қадыров деген азамат пен «Үштөбе», «Динара», «Бакуля» дүкендерінің иелері біріп отырғанын айтты.

Фото: Қаратал ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать