Штаб жұмысын бастады
Бүгін «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісіне үміткерлер Д.Әлімбаев, Ж.Телпекбаев, М.Тәжмағамбетова облыстық сайлауалды штабтың ашылуынан «Есіктен есікке» шарасының аясында тұрғындармен кездесті. Шараның аты айтып тұрғандай, үміткерлер өңір тұрғындарының есігін қағып, олардың жағдай-жайын білді. Оларға «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Мұнан бөлек, тұрғындарды алаңдатқан сауалдарына жауап беріп, өздерінің ел үшін, Қазақстан деген алып Отан үшін жасамақ ниеттегі жоспарларын баяндады.
- Штабтың ашылуынан кейін, “есіктен есікке” кіріп, тұрғындармен әңгіме дүкен құрдық. Бұл жұмыс бұрынғы істен өзгерек, әрине. Жауапкершілік мығым. Тұрғындардың басым бөлігі қаланың іргетасының қалануына еңбек еткен жандар, қарт адамдар. Қоғамдық әлеуметтік өмірден тысқары қалып, жай ғана дидарласуға зәру зейнет жасындағы қариялар әңгімесін кезекпен келіп, үйін тазалап беретін, азық-түлік, дәрі-дәрмегін әкеліп, қолғабыс жасайтын ерікті жастарға алғыс айтудан бастады. Ұсыныс-тілектер де айтылды. Көбісі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына қатысты. Келді-кетті демесін, бұрын-соңды журналистикадағы жұмысымнан еш өзгешелігі жоқ. Бірақ бұл жолы мәселенің шешілуін басты назарда, - деп пікір білдірді М.Тәжмағамбетова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді