Войти через

  • 7°C

Пятница, 29 марта

Сиверс алмасынан шырын шығаратын зауыт іске қосылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Сарқан ауданында сиверс алмасынан шырын шығаратын зауыт іске қосылды деп хабарлайды TINFO.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зауыт күніне 500 литр сусын шығара алады. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнім «Sivers juice» атауымен сатылымға шығарылған.

«Бұл іс көп жылғы ойдың жемісі. Жалпы, Алматы облысын алып қарасақ, Шеңгелді өзінің сарымсағымен аты шықса, Қызылағаш ауылының қауын-қарбызы талайларды мойындатып үлгерді. Аймағымызды басып өткен жолаушы біздің алманың дәмін жақсы біледі. Бірақ біз алқызыл алманы сатудан ары аса алмадық. Сондықтан неге осынау көл-көсір жемісті тиімді пайдаланбасқа деген ой мені осынау іске алып келді. Нәтижесінде сөз бен істі қабыстырып, Ресей және Қытай елдерінен қажетті құрал-жабдықты алдырып, қыркүйек айынан жұмыс жасап жатырмыз», – дейді «Сарқан жеміс консерві зауыты» ЖШС-нің басшысы Ринат Калиуллин жеке кәсіпкер.

Алдағы уақытта зауыт жанында жылыжай салынып, онда өсірілетін сәбіз бен қызанақтан шырын дайындау жоспарланған.

Фото: Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать