Войти через

  • 15°C

Воскресенье, 13 октября

Спорт саласындағы маңызды мәселелер қаралды

TINFO
Служба новостей
«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихаты депутаттығының кандидаттар Есболова Ляззат Мұхаметқалиқызы мен Салықова Римма Аждарқызы спорт саласының мамандарымен ZOOM бағдарламасы арқылы кездесті. Кездесу барысында партияның алдағы қойған мақсатты жұмыстары айтылып, жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғалды.
Алдағы бес жылда партия өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға баса назар аударатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
➢ еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шараларды өткізу;
➢ білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарында дене шынықтыру жаттығуларын өткізу практикасын енгізу;
➢ 18 спорт объектілерін салу, оның ішінде:
• 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (Алакөл ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы, Іле ауданы Байсерке ауылы, Қаратал ауданы Үштөбе қаласы және Қапшағай, Текелі қалаларында);
• 7 спорт кешені (Алакөл ауданы Бескөл ауылы, Пенжім ауылы, Панфилов ауданы Үлкен Шыған ауылы және Үшарал қаласы., Райымбек ауданы Қызылшекара және Сүмбе ауылдары, Ұйғыр ауданы Кішідихан ауылы).
• 3 нысан Талдықорған қаласында: көгалдағы хоккейге арналған жабық спорт кешені; футбол, баскетбол және волейболға арналған әмбебап спорт кешені; құзға өрмелеу және көркем гимнастикаға арналған спорт кешені;
Бұл халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз еу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 55% -тен 60,1% - ке дейін жақсартуға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 30% - дан 45% - ға дейін артады.
 
 
 

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 
 
 

Это может Вас заинтересовать