Войти через

  • 24°C

Воскресенье, 03 июля

Су тасқынын болдырмау

TINFO
TINFO
Служба новостей

Көктем айларында ұзаққа созылған жауын-шашынның, немесе күн қатты ысып кетіп қар мен мұздың тез еруінің салдарынан табиғаттың тосын мінезінің бірі – су тасқыны болуы мүмкін.  Мұндай қауіпті болдырмаудың бірден-бір шарасы – алдын-ала дайындалу арқылы қамтамасыз етіледі.

Сондықтан, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалы көктемгі су тасқынын болдырмау бағытында тиісті іс-шара жұмыстарын жүргізуде. Оныншы сәуірде филиал директоры Жасұлан Керімқұлов, филиалдың мамандары,  «Қазавтожол» ҰК »АҚ АОФ өкілі Е.Оспанов  және «Қазақавтожол ЖШС №14 ЖПБ бастығы А.Ақтановтар бірлесе жүріп «Алматы-Бішкек-Ташкент-Термез» республикалык маңызы бар автомобиль жолының жағдайын және су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын қарап шықты. Тасқынға қарсы шараларды жүзеге асыруға арналған жабдықтарды тексеру кезінде нақты жұмыстардың жүргізіліп жатқаны байқалды. Атап айтқанда, арнайы техникалармен жабдықталған, демек, техникалар дайын, су тасқынына бөгет қою үшін құм қапқа салып дайындалған, шұңқырларды толтыруға арнап жиналған темірбетон сынықтары  реттелінген және суағарлар, арықтар  тазаланып жатыр.

Ақбөпе ЖИЕНҚҰЛОВА

Это может Вас заинтересовать