Войти через

  • 13°C

Вторник, 19 марта

Тұрғын үй кезегін қалай көруге болады

TINFO
TINFO
Служба новостей

TINFO.KZ пен «Азаматтарға арналған үкімет» сіздерге ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп тұрғын үй кезегін онлайн білу жолымен бөліседі.

Сіз тұрғын үй кезегінің нөмірін www.egov.kz электрондық үкімет порталынан тексере аласыз.

Ол үшін сізге:

- ЭЦҚ  арқылы порталға кіру қажет;
- «Жылжымайтын мүлік» бөлімі арқылы «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өтіп, «Мемлекеттік тұрғын-үй қорындағы баспана алу кезегін қарау» қызметін таңдау жеткілікті. 

«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті органнан берілетін жалдамалы тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызмет тегін және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет».

 

 

 

Это может Вас заинтересовать