Төтенше жағдай тәртібін бұзған компьютерлік клуб басшысы жазаланды

TINFO
Служба новостей

Алматы облысында төтенше жағдай тәртібін бұзған компьютерлік клуб иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды TINFO.KZ өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентінде түнгі мезгілде патрульдеу барысында төтенше жағдайға байланысты тыйым салынғанына қарамастан жұмыс жасап тұрған виртуальды ойын клубын анықтаған. Тексеру барысында клубта 10 астам адамның болғаны белгілі болды.

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көңіл-көтеру орындарының, оның ішінде ойын клубтарының, түнгі клубтардың және компьютерлік клубтардың қызметіне толығымен шектеу қойылған. Дегенмен, 1984 жылы туған жергілікті тұрғын қойылған талаптарды бұзғаны анықталды. Құқық бұзушыға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚбК 476-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты іс материалдары сотқа жолданып, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде, яғни 26510 теңге айыппұл салынды.

Фото: Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать