Войти через

  • 23°C

Суббота, 20 апреля

«Тақиялы періште» Әлімғазы Райымбеков дүние салды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Халық арасында «Тақиялы періште» атанған актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасында дүние салды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Белгілі болғандай, Әлімғазы Райымбеков коронавирус салдарынан қайтыс болған.

Әлімғазы  Райымбеков 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында туған. Ол көпшілікке «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ рөлімен белгілі болды. Саналы ғұмырында 12 фильмде түскен. Оның ішінде «Ән қанатында», «Қилы кезең», «Көгілдір такси», «Қан мен тер» сияқты туындылар бар.

Соңғы жылдары Әлімғазы  Райымбеков Алматы облысының қоғамдық өміріне ат салысып, белсенді қызмет атқарды. Актер - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы.

Это может Вас заинтересовать