Войти через

  • 11°C

Суббота, 20 апреля

Тақиялы періште "Nur Otan"-ға ақ батасын берді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Елімізге белгілі тұлға, оның ішінде қазақстандықтардың есінде тақиялы періште фильімдегі рөлімен есте қалған Әлімғазы Райымбеков атамыздың үйінде нұротандықтар болып қайтты.

Партия атынан үміткер болған Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Кереев Ақсақалға келген мақсатын айтып өтіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап өтті. Облыстық сайлауалды бағдарламада алдағы 5 жылда 120 ауылдың 190 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 99 ауылдың 184 мың тұрғынына газ жеткізу, 72 медициналық ұйым, 80 жаңа мектеппен 25 балабақша салу көзделгенін атап өтіп, үлкен міндеттерді іске асыратындығын жеткізді.
Ауқымды мақсаттарды жүзеге асыру жолында Әлімғазы Сұмағұлұлы атамыз өзінің ақ батасын беріп, сәттілігін тіледі.

«Күнделікті телеарнадан, газет беттерінен партия жұмысын көріп жүрмін, сайлау кезінде жұмыстарыңыздың одан әрі қыза түсті, бағдарламаларыңызда халықтың көтерген мәселелерінің шешілу жолдары қарастырылғаны көз қуантады, жақсы істердің бастаушысы болып жүре беріңіздер» - деп атамыз өз сөзін қорытындылады.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать