Войти через

  • 16°C

Четверг, 25 апреля

Талғарда дүкеннен ішімдік алып қашқан жігіт ұсталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талғар ауданында дүкеннен ішімдіктер алып, төлеместен қашып кеткен 29 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Полицияға дүкен иесі шағымданған.

«Қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Оның тұлғасын анықтау барысында бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оның бұдан өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында Талғар ауданында екі велосипед ұрлағаны дәлелденді. Сот шешімімен күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,- деді Талғар ауданы ПБ Анықтау бөлімінің бастығы полиция капитаны Ғалым Иманғалиев.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол ішімдік ішкен соң шөлін басу мақсатында дүкенге кірген. Қалтасында қаржы болмағандықтан және сатушы әйелдің жалғыз екенін көргендіктен, сыра мен сусын алып, ақша төлеместен кетіп қалған. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Это может Вас заинтересовать