Войти через

  • 24°C

Пятница, 19 апреля

Талғарда жер алып беремін деген алаяқ ұсталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында жер учаскелерін саудалау бойынша алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен Талғар ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның жалпы сомасы 7 миллионға жуық материалдық шығын келтіргені анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Тергеу барысында алаяқ өз құрбандарына нарықтық бағадан төмен бағада жер телімдерін алып берем деп, қолдарында бар қомақты қаржыны алып, сан соқтырған. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті былтырғы жылдың соңында өзінде жоқ жерлерді алып берем деген желеумен бір тұрғыннан 2,7 миллион, екінші азаматтан 1,2 миллион, ал үшінші құрбанынан 3 миллион теңгеге бағалап «Тойота» маркалы автокөлігін алып кеткен.

«Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алаяқтық жасады деген күдікпен Талғар ауданының бұған дейін сотталмаған 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұлтартпас айғақтар негізінде күдікті қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Күдікті сот шешімімен мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды», - Талғар қалалық ПБ бастығы полиция полковнигі Ерлан Қасым.

Это может Вас заинтересовать