Войти через

  • 22°C

Вторник, 23 апреля

«Талдау және болжау» орталығы ынтымақтастықты арттыруда

TINFO
TINFO
Служба новостей

 «Талдау және болжау» орталығы діни бірлестіктердің ынтымақтастықтарын арттыру мақсатында «Ізгілікті істер» қоғамдық қоры орталығымен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы «Zhetysu media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Қазіргі таңда Алматы облысында азаматтарға діни мәселелер бойынша онлайн-кеңес беретін «Қауырт желі 114» орталығы жұмыс істеуде. Орталық «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан ұсынылған. «Қауырт желі 114» Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен діндерді зерттеу орталығы қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Жоба азаматтарға діни мәселелер бойынша кәсіби және уақытылы көмек көрсете алады. Мамандар телефон арқылы және сайттың онлайн режимінде тұрғындардың дінге қатысты сауалдарына жауап беріп, деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетеді. Консультациялық кеңес қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

Бүгінде «Қауырт желі 114» Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде жүзеге асырылып отырған бірегей бастама саналады.

Орталықта заңгер, теологтар мен дінтанушылар, психологтар жұмыс істейді. Кеңес беру тәулік бойы және құпия, жасырын түрде жүргізіледі. Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.

Меморандумға қол қоюдың басты себебі, «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының «Талдау және болжау» орталығымен кері байланыс орнату.

«Қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарымыздың азаматтар үшін қаншалықты тиімділгін, орталықтың деңгейін сауалнама арқылы білу. Орталықтың алдағы уақытта қандай бағытта жұмыс істеу қажеттілігін анықтау. Сондай-ақ, азаматтарға  әзірленген сауалнамалардың дұрыстығын, методикалық әдістерге сай жасалынғандығын арнайы сарапшылардың бақылауына алу мақсатында меморандумға қол қойып отырмыз»,- деді «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының қоғаммен жұмыс істеу маманы Жандос Анарбекұлы.

Фото: «Zhetysu media» КММ.

Это может Вас заинтересовать