Войти через

  • 18°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорған – Қапшағай жолы ақылы болады: қоғамдық тыңдалым өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған –Қапшағай жолдары ақылы болмақ! Осы мәселеге байланысты Қапшағай қаласының кіші залында өңір басшысының орынбасары Сағдат Шатанұлының жүргізуімен, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Алматы облыстық филиалының директорының орынбасары Ақылтаев Нұрқат Дотанұлы, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының директор орынбасары Дінмұхаммед Мадиев , «Computer Vision Technologies» ЖШС-ң өкілі Берік Хасеновтің қатысуымен қоғамдық тыңдалым ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Осы жерде ескерте кетейік, қазіргі падемияның салдарынан көпшілікті жинау тыйым салынуына байланысты келушілер қатары санаулы болды. Тыңдалым барысында Талдықорған –Қапшағай трасса жолындағы мына қойылып жатқан бекеттің басқасынан біраз айырмасы бар көрінеді. Бұл бойынша аталған мекеме мамандары былай деді, «Жүйенің ерекшелігі – учаскелерде шлагбаумдар болмайды, көлік  жүріп өткен жолы туралы ақпарат аркаларда орналасқан арнайы камералар арқылы тіркеледі. Төлем автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі бойынша жасалады. Сондай-ақ, төлемақы мен автокөлік туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы белгілерді жапсыру да көзделген. RFID белгілерден сигнал бақылау аркаларында оқылады және жол жүру үшін төлем алынады.

Егер ақылы жолмен жүріп өткені үшін қарыз пайда болып, ол ұзақ уақыт төленбеген болса, көлік жүргізушілеріне ескертпе хаттар жолданатын болады. Ескертпелер еленбеген жағдайда айыппұл салынады. Уақытылы төлем мен ақылы жолмен жүріп өткеннен кейінгі жасалған төлем мөлшерлемесінде де айырмашылықтар бар. Ал, қарызы төленбегендерге жауапты министрлік жүргізушілерге автокөлікті сату/сатып алу, есепшоттарға шектеулер орнату мен шетелге шығуға рұқсат бермеу іспеттес шараларды қолдану қарастырылып жатыр»- деп тоқтады. Ал, бүгінгі күні осы трасса жолына қатысты проблеммалардың шаш етектен екені де белгілі. Қатысушылар тарапынан, жол шақырымының құны, әр жүргізішіге қойылар талап, сол жүргізушінің күніне, айына, жылына қалтасынан қағып беретін ақша көлемі турасында аталған мекеме қызметкерлері тұщымды жауап бере алмай, әңгіменің ауасын басқа жаққа бұра берді. Бұндағы бір білгеніміз  әр автокөлік жүргізуші жылына 1000 теңгеден төлеп, Қазақстанның барлық бұрышын да бола алатындығы.

Сол секілді, қазір Сайран-Саяхат аралығында қатынайтын ескі автобус көлігін жаңалаған болсаңыз, су жаңа көлікке су жаңа нөмір алу қажет болады. Залдағы сұрақ қоюшылардың сөзінше, нөмір тіркеу де қиямет қайым көрінеді. Оның сағызша созылатыны былай тұрсын, күніне сол жаңа нөмірмен Алматы-Қапшағайғайға қатынау үшін күніне 800 теңгеден төлеп тұрады екенсің. Одан басқа, Шеңгелді ауылының маңайында Қапшағай қаласынан Талдықорған бағытына кетіп бара жатқан трасса жолында айналма орныны бар. Бұл да қазіргі кезде жүргізушілерге тиімсіз болып тұр. Себебі, сол жолмен Қапшағай қаласына бұрылу жолы тарлық етеді. Ол әсіресе жүк көліктері үшін тіпті қиындап тұр. Бұл жолдың таршылығынан үлкен көліктер бұрылып үлгермей не арғы беттен келе жатқан көлікті көрмей әбігерге түсіп, жандарын шүберекке түйіп бұрылып жүргендер ұаншама екен. 

Осы жолдың кеңеюі сұратылды. Сол секілді тура осындай қиындық Бақанасқа жетер жетпес жол бойында бар екен. Бұл төбеге жетпей қойылған бұрылыс тіпті ыңғайсыз екен. Мұнда жүргізуші арғы беттегі көлікті мүлде көрмей дал болатыны тағы бар. Жиындағы тағы қатысушылармен талқыланған ең маңызды мәселе – Заречный мен Шеңгелді ауылдының маңайындағы жертөлелердің (подземка) пайдаланылмай, құр тұрғандығы. Ол орынның халыққа қауіпсіздігінен қауіптілігі көп. Бқл жер төлелердің ішінің ластығы мен тас қараңғылығын айтпағанда, ол жерде нашақорлармен, ойы бұзық адамдардың сол жерлерді тасалап жүретінін жергілікті тұрғындар үнемі айтып келеді.

Сондықтанда, ол жерден гөрі жарығы бар, қауіпсіз болса да қоршалған жолмен жандарын шүбереке түйіп, асып өткеніміз дұрысырақ деседі. Соған орай, Заречный мен Шеңгелді ауылдарының кіре беріс жолдарына аспалы көпірдің болуы сұралды. Бұған қатысты да мардымды жауап бере алмаған «ҚазАвтоЖол» мекемесінің қызметкерлері барлығы болашақта қарастырылу да, жоба жасалуда, жобамыз бар деп түрлі-түрлі жауаптар айтты. Жалпы, қоғамдық тыңдалым соңы жаңадан қойылар бекетке қатысты залдағы келушілердің барлығы қарсылық білдіріп, клесі тыңдалым онлайн форматында әлеуметтік желі арқылы  халықтың ортасына талқыға түсетін болып шешіліп, баршасы сол тоқтаммен тарқасты.

Это может Вас заинтересовать