Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Талдықорған мен Алакөл ауданында коронавирустың сегіз жағдайы тіркелді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында COVID-19 инфекциясының сегіз жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тіркелген жағдайлардың бесеуі – Талдықорған қаласында, үшеуі Алакөлде анықталған.

«2007, 1981, 1981, 1993, 2018, 2016, 1990 жылдары туған азаматтар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған, ал 1997 жылғы жүкті әйелдің науқасы профилактикалық тексеруден өту барысында белгілі болған», - делінген хабарламада.

Барлығы осыған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

31 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 361 адам тіркелген.

Фото: pixabay.com

Это может Вас заинтересовать