Войти через

  • 12°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорған тұрғынына алғаш рет көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі көрсетілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған тұрғыны Сәбит Қасенов  автокөлік сатып алып, пандемия кезінде көлікті қайта тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға бармай-ақ, онлайн режимінде жаңа көлікті қайта рәсімдеп, дайын техпаспорт пен нөмірлік белгілерді де үйге жеткізуге тапсырыс берді.

Бұл  жақында ғана eGov.kz порталында қолданысқа енген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызметтің арқасында мүмкін болды.

Ол үшін  «Электрондық үкімет» порталында  «Көлік және коммуникациялар» бөлімінің «Автомобиль көлігі» тармағында «МТНБ (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі) және КҚТК-ны (көлік құралын тіркеу туралы куәлік) үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет.

Бұл жерде қажетті деректерді толтырып, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті. Қызмет құны  2240 теңге. Осыдан кейін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті МХҚО қызметкерінің үйге жеткізіп беруін күтесіз.

“Осындай ыңғайлы қызмет үшін рахмет. Мен барлық автокөлік иелеріне осылай жасауға кеңес берер едім”, – дейді Сәбит Қасенов 

Дайын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізу қызметі бір елдімекен шегінде, мамандандырылған ХҚКО бар қалалардың, облыс орталықтарының, аудан орталықтарының тұрғындарына қолжетімді екенін атап өткен жөн.

Это может Вас заинтересовать