Войти через

  • 13°C

Среда, 24 апреля

Талдықорғанда 29 көлік айып тұрағына жіберілді

TINFO
TINFO
Служба новостей
Іс-шараның екі күнінде айып тұрағына 29 көлік құралы жіберіліп, 19 автокөліктен мемлекеттік тіркеу белгілері алынды.
Барлығы 267 жол қозғалысы ережелеріне қатысты құқық бұзушылық тіркелді. Олардың көбі жаяу жүргіншілермен байланысты - 53 хаттама, жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауы - 43, маневр жасау ережелерін бұзу-16, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалану -12 дерек. Мас күйінде автокөлікті жүргізген құқық бұзушылар да табылды, масаң күіде көлік басқарған 2 жүргізуші ұсталды. Одан өзге қарсы жолға шыққан 3 жүргізушіге хаттама толтырылды. Бағдаршамның тыйым салу сигналын елемеген 9 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері жолда және автобус парктерінде жүргізушілердің ЖҚЕ талаптарын сақтауы мен жол-көлік оқиғаларына жол бермеу турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать