Войти через

  • 7°C

Пятница, 26 апреля

Талдықорғанда Абай дәуіріндегі ана тақырыбы талқыланды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорғанда «Абай дәуіріндегі әйел - аналар бейнесі» онлайн конференциясы өтті. Шараға Алматы облысындағы аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері қатысты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Онлайн конференция  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және «Абай күніне» орай ұйымдастырылды.  

Конференцияға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жетекшісі Несіпжамал Баймадиева төрағалық етті.
«Заман өзгерді, заманына қарай адам да өзгереді. Бірақ, әйел – ананың еңбасты орындайтын парызы аманаты, адамзатты тәрбиелеу, тіршіліктің бастау бұлағы, отбасының өзегі, шаңырақтың шамшырағы, әдеміліктің асыл тәжі ұғымдары өзгермейді», - деп атап өтті Несіпжамал Баймадиева.

Онлайн-конференцияда Қарасай аудандық Аналар кеңесінің төрағасы, Абайтанушы Бекбаева Ақлия Бекбайқызы, Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Алакөл ауданының құрметті азаматы Дүйсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы, Кербұлақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Кербұлақ ауданының құрметті азаматы Ақбасова Ғалия Ниязқызы, Сарқан аудандық Аналар кеңесінің төрағасы, ана-медиатор Калиева Гүлшарбан Мырзабайқызы, Текелі қалалық Аналар кеңесінің төрайымы, мәслихат депутаты, №5 орта мектептің директоры Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы, Талдықорған қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Бердіқожаева Ләззат Алдабергенқызы Абай заманындағы «АНА» тақырыбын асқақтата көтеріп, қазіргі уақытта жан-жақты дамыған, толық жетілген тұлғаны тәрбиелеудегі, отбасының жауапкершілігі туралы, әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіне ықпалы туралы өз ойларын ортаға салды.

Это может Вас заинтересовать