Войти через

  • 8°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорғанда "Адамзаттың Абайы" жыр-жинағы жарық көрді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жетісу жерінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Адамзаттың Абайы" атты жыр-жинағы басылып шықты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Шығармалар жинағы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарық көрді. Кітапқа жетісулық жазба ақындардың 100-ге тарта өлең-жырлары топтастырылған. Еске салсақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  қаңтар мен наурыз айы аралығында "Абайға арнау" атты облыстық жыр мүшәйрасы өткізілген. Байқауға Жетісу өңірінен 200-ге тарта ақын-жазушы қатысып, 100 ақынның өлеңі кітапқа енгізілді. 

"Адамзаттың Абайы" атты жыр-жинағының тұсаукесеріне Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев, «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу өңірлік филиалының төрағасы, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін қатысып, лента қию рәсімін орындады.

Кітап 1000 данамен жарыққа шықты. Айта кетейік, жинақтың 500 данасы ұлы ойшыл туған жер - Шығыс Қазақстан өңіріне сый ретінде табысталады.

Это может Вас заинтересовать