Войти через

  • 18°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорғанда Бейсен Құранбек бейнеленген муралы салынуда

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында журналист Бейсен Құранбек бейнеленген муралы салынуда, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Мурал Бейсен Құранбек басшылық еткен “Жетісу” телеарнасы орналасқан "Журналистер үйі" ғимаратының қарсы алдындағы үй қабырғасында салынып жатыр. 

Суреттің төменгі жағында "Қарекет ет, батырым!" деген жазу қойылады.

Аталған мурал Алматы облысы әкімдігі мен "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Еске салсақ, Бейсен Құранбек  осы жылдың 18 мамырында 48 жасында ауыр дерттен қайтыс болды. Ол 2014 жылдан бастап облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры болып қызмет атқарды. 2017 жылдан бері «Қазақстан» телеарнасында «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

Это может Вас заинтересовать