Талдықорғанда этномәдени бірлестік өкілдері дөңгелек үстел өткізді
Бүгін Достық үйінде партия филиалының Саяси Кеңес мүшелерінің қатысуымен «Этникалық келісім – Қазақстан қоғамының тұрақтылық негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.
Шара аясында этномәдени бірлестік өкілдері өңірдегі этносаралық татулық сұрақтары жайлы ой бөлісіп, еврей, кәріс, татар, славян орталықтарының мамандары ұсыныстарын атап өтті
«Достық» БПҰ-ның төрайымы А.Тәңірбергенова өз сөзінде:
«Достық үйі біздің бастауыш партия ұйымымен бірлескен жұмыстарын нәтижелі атқаруда. Пандемияға қарамастан, біз жыл басынан бері этносаралық татулықты сақтау бағытында маңызды семинарлармен кездесулер, акциялар өзінің маңыздылығын көрсетті» - деп атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар ұсыныстары бойынша шешім қабылдап, іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілетін болды.