Войти через

  • 11°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорғанда газ баллоны жарылып 8 адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)

TINFO
TINFO
Служба новостей

26 қараша күні кешкі сағат 20.00 шамасында Талдықорған қаласының Еркін ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде  шағын газ баллоны жарылды. Оның салдарынан  8 адам жарақат алып, үйдің қабырғалары мен шатыры қираған, деп хабарлайды Tinfo.kz.

ТЖД хабарлауынша, жарылыс салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған.

“Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері, 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеді. Сондай-ақ зардап шегушілердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-ның екі психолог маманы жұмылдырылды”, - делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алматы облысы ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану және қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Это может Вас заинтересовать