Войти через

  • 24°C

Суббота, 20 апреля

Талдықорғанда ірі монша кешені өртенді (ВИДЕО)

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында "Papillon" монша кешені өртенді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт туралы хабарлама 23 қараша күні 21.36 келіп түскен. Монша кешенінің аумағында екі монша өртенген. Өрттің тез таралуына үлкен өрт жүктемесі және ғимараттың дизайн ерекшеліктері ықпал етті. Кешен ағаштардан салынған.

“Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 23.03-те сөндірілді, өрттің аумағы 180 ш.м. құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД өрт сынақ өрт зертханасы жұмылдырылды”, - деп атап өтті департаментте.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 45 қызметкері мен 11 техникасы, сондай-ақ қалалық қызметтерден "ТАЭТК", апаттық-газ қызметі, жедел медициналық көмек және полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
https://www.instagram.com/p/CH8ffMWH6tC/

 

Это может Вас заинтересовать