Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Талдықорғанда Нобель сыйлығы иегерінің шығармасы сахналанды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында Светлана Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат» атты реквием жанрындағы қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Светлана Алексиевич Нобель сыйлығы комитетінің өкілі әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы сыйлықтың иегері.

Премьера Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орайластырылды. Шара басында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы сондай ақ театрымыздың артисі, ҚР «Мәдениет қайраткері» Темербаева Ғалия Әмірқамзақызы сөз сөйлеп, жаңа маусымның ашылуымен құттықтады.

Екінші дүниежүзілік - Ұлы Отан соғысы талай жанның ғұмырын қыршыннан қиып, толмас қасіретке жолықтырды. Елін сақтап қалу үшін, соңғы демі қалғанша күрескен ерлердің қатарында нәзік жанды Аруларымыз да қан майданда неміс фашисттеріне қарсы шайқасты. С.Алексиевичтің “Соғыстың сұрқы әйелге жат” реквиемі соғыс даласында отан үшін отқа түскен әйел-қыздардың сан-қилы тағдырының тапталуы, арман-мақсатының, күн сүйген келбетінің “күлге айналғаны” туралы сыр шертеді. Оқиға желісі тартымды, сюжеті қызықты. Соңында соғыстың тек әйелдерге ғана емес, күллі ғаламға жат екендігі көрсетілді.

Это может Вас заинтересовать