Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде 10 жезөкше ұсталды (ВИДЕО)

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелер қызмет ететін притон анықталды. Тексеру кезінде ол жерде 10 бойжеткен ұсталды. Олардың үшеуі Өзбекстан азаматшалары болып шықты, еп хабарлайды Tinfo.kz.

Жеңіл жүрісті қыздардың қызметін 29 жастағы жергілікті ару ұйымдастырып, жасырып келген.

«Көрші республикалардан келген заңсыз иммигранттарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешіміне сәйкес олар жақын арада елімізден депортацияланады. Өйткені олардың барлығы қолданыстағы көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүргені білгілі болды. Сонымен қатар, барлық ұсталған адамдар, оның ішінде қонақ үй кешенінің бірнеше қызметкері полицияның барлық есеп базалары бойынша тексеруден өтті. Себебі, көп жағдайда бұл санаттағы азаматтардың әртүрлі қылмыстарға қатысы болады», - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Қыздар ақшалай сыйақы үшін интимдік қызметтер көрсеткендерін растады.
https://www.instagram.com/p/CDlRUhDHOjS/

«Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық үшін осы мекеменің әкімшісі жауапқа тартылды. Әйел пәтерді жеңіл жүрісті қыздарға жалға берген, олар әр клиенттен түскен пайданың белгілі бір бөлігін жеңгетайға тапсырып отырған. Сондай-ақ, қонақүй әкімшісі карантиндік шараларды өрескел бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартылады»,- деп атап өтті Асхат Данияр.

Күдікті клиенттен ақша алу үстінде ұсталды. Жеке тексеру барысында алынған барлық айғақзаттар жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастыру немесе ұстау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді. Дерек бойынша тергеу басталды.

Это может Вас заинтересовать