Войти через

  • 14°C

Вторник, 16 апреля

Талдықорғанда Жұмахан Балапановқа ескерткіш орнатылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыс орталығында экономист, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Жұмахан Балапановқа ескерткіш қойылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Ескерткіш Жұмахан Балапанов және Дінмұхамед Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашев, Жұмахан Балапановтың жары Балкен Балапанова, сондай-ақ қаламгерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Жұмахан Балапанов  экономика ғылымдарының докторы,  мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы болған. 140-тан астам ғылыми еңбек жазып, 10-ға тарта монография мен кітаптар авторы.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать