Войти через

  • 14°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорғандық мемлекеттік корпорация қызметкерлері қан тапсырды

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиалының 50-ден астам қызметкері  «Жүректен-жүрекке»  арнайы акциясына қатысты. Мамандар қан тапсырып, науқастарға қолдау білдірді, деп хабарлайды, TINFO.KZ.

Аталған акция  аймақтық қан орталығының бастамасымен ұйымдастырылған. Облыстық медицина саласы мамандарының айтуынша, қан беру денсаулыққа пайдалы. Қан тапсырған адамның ағзасы тазарып, қан қысымы реттеледі. Сондықтан дәрігерлер дені сау әр адамға жылына 3 рет донор болуға кеңес береді.

«Облыс бойынша ауруханалардағы науқас жандарға донор қанын құю күнделікті қажеттілік. Сол себепті дертке шалдыққандарға қол ұшын беріп, өміріне үміт сыйлауға ниеттенген барша қызметкелерге айтар алғысымыз шексіз», – дейді облыстық қан орталығы басшысының орынбасары Серік Әбдіразақов.

 Донор болу корпорация қызметкерлерінің жыл сайынғы дәстүрлі шараларының біріне айналған.

«Донор — ол дені сау адам.   Көптеген науқастар қосымша қанға тәуелді. Біз аталған акцияға қатысу  арқылы ең алдымен, донорлыққа мұқтаж жандарға көмек беруді көздейміз. Мен өзім алғаш рет қан тапсырып жатырмын. Бұл акция бір емес, бірнеше өмірді сақтап қалуға септігін тигізетініне сенімдімін », – деді Талдықорғандағы мамандандырылған ХҚКО қызметкері Ақмарал Көшкінбаева.

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК.

 

Это может Вас заинтересовать