Войти через

  • 7°C

Пятница, 29 марта

Талдықорғандық оқушы Абайға арналған ғылыми байқаудың жеңімпазы атанды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласының 5 сынып оқушысы Раушан Асқар «Білім-Өркениеті» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырған «Абай мұрасы – Қазақтың қасиетті қазынасы» халықаралық ғылыми мақалалар байқауының жеңімпазы атанып, «Абай Құнанбайұлы» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Байқауда Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 500-ге жуық үміткер бағын сынаған. Білім додасында оқ бойы озып шыққан Раушанның «Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің ерекшеліктері» деген тақырыптағы шағын эссесі үздік деп танылып, эсселер жинағына енді. Ұлы ақынның өлеңдеріне деген баланың қызығушылығын оятып, білім әлеміне бағдар көрсеткен ұстазы Нұргүл Иманбаева екенін айту ләзім.

Абай Құнанбайұлы – қазақтың көрнекті ойшылы, ақын, адамзат тарихындағы дана тұлғалардың бірі. Абай атамыз келер ұрпаққа мағынасы терең қара сөздерін, ғибратты өлеңдерін қалдырды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Раушан Асқар Абай шығармашылығына қатысты мәліметтерді тыңғылықты қарап, түрлі дереккөздерден ізденген.

«Жастайынан әжесінің аузынан қазақтың батырлар жырымен, ертегілерімен сусындап өскен бала 35-40 жасына жеткенде өзіндік ақындық қабілетін таныта бастайды. Ақын өлеңдерінің мағынасы терең, тәрбиелік мәні зор. Абай атамыз XIX ғасырда өмір сүргендіктен қазақ жеріндегі теңсіздік, биліктегі қайшылықтар туралы жазды. Одан бөлек, адамның бойындағы ақыл, сана, білім, достық, ғашықтық сезім жайында жазып, артына мол мұра қалдырды. Ақын кейбір өлеңдерінде болашақты болжаған сияқты. Келер заман жастарының қандай болатынын да дәл айтып кетті», - дейді жас абайтанушы Раушан Асқар өз зерттеу эссесінде.

Это может Вас заинтересовать