TAZAKZ
  • -1°C

Суббота, 08 ноября

Талдықорғанда 5 мың ойыншы қатысатын «Халық лига» басталды

TINFO
Служба новостей

Қазақстан футбол федерациясы ел аумағындағы тасада қалған футбол таланттарын анықтап, кәсіби деңгейге шығару мақсатында қолға алған жаңа «Халық лига» жобасы ресми түрде басталды.

Аталған бастама аясында 2025 жылдың 9-10 тамыз күндері Талдықорған қаласында әуесқой командалар арасында алғашқы тур ойындары өтті.

Айта кетсек, жоба шеңберінде еліміздің барлық 20 өңірінен 268 команда тіркеліп, жалпы саны 5 мыңға жуық ойыншыны қамтыды. Жарыс барысында 1 500-ден астам матч өткізу жоспарланған.

«Халық лига» – талантты футболшыларды кәсіби деңгейге шығаратын бірегей алаң. Бұл жоба арқылы еліміздің әр аймағынан үздік ойыншылар іріктеліп, болашақта Қазақстан чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, УЕФА-ның Әуесқойлар лигасына жолдама алу да негізгі мақсаттардың бірі.

Жобаның финалдық кезеңі 2025 жылдың қазан айында Талдықорған қаласында өтеді.

Это может Вас заинтересовать