Войти через

  • 12°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорғанда әйелдермен нетворкинг-кездесу ұйымдастырылды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жас және ісін жаңа бастаған іскер әйелдермен кездесу ұйымдастырды. Нетворкинг-кездесу барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, өз тәжірибелерімен, идеяларымен және пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды Tinfo.kz.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова Кеңестің мақсатымен таныстырып, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, бастауыш кәсіпкерлер үміт арта алатын қолдау шаралары туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Алмагүл Оңғарбаева, Светлана Бұханова және Динара Серікова іске асырылып жатқан жобаларды таныстырды. Кездесуге қатысушылар бизнесті дамыту мәселелерінде одан әрі өзара байланысты жалғастыруға келісті.

Бизнесті дамыту мәселелері бойынша кеңес алғысы келетін қыздар мен әйелдер Алматы облысының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына жүгіне алады. Кеңесші Ардақ Серікбаева +7 775 972 17 Мекенжайы: Талдықорған қаласы, 8 шағын аудан, Астана даңғылы 2 А, Кәсіпкерлер палатасының ғимараты, 2-қабат.

Это может Вас заинтересовать