Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Талдықорғандағы оңтүстік-шығыс аудан тұрғындарының өтініштері оң шешімін тапты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласының Оңтүстік-шығыс тұрғын ауданының тұрғындары мекен-жайы бойынша өзекті мәселелердің Ержан Жасыбаевқа өтініш білдірген соң, оңды шешіліп жатқаны жайлы оң пікірлерін білідірген хат келіп түсті.

Аталған тұрғын ауданында тұрғындар бірнеше жылдан бері бірқатар мәселелерін көтерген және шешу жолдары бойынша жергілікті атқарушы органдарға хат жазғанымен мәселенің шешілуі өзінің оң шешімін таппаған.

Осыған орай, «Авангард» бастауыш партия ұйымының бастамасымен көтерілген мәселе бойынша қала әкімі Ержан Жасыбаевтың «Nur Otan» партиясындағы қабылдауында мәселелерін жеткізді. Оның ішінде облыстық аурухананың артқы жағындағы Жоламан, Көкжазық, Ақжазық көшелеріне асфальт төсеу, арық желісін жүргізу мәселесі, тұрғын-үйлерде электр жетіспеушілігі болғандықтан (тусклый свет) электр бағаналарымен желілерін тарту, жаңа транформатор орнату, №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы (конечная) жарық шамдарын жөндеу, бейнебақылау камерасын орнату, қоқыс жәшігін қою, Гүлдәурен, Жетісу өрнегі көшесіне және облыстық МОРГ ғимаратынан №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы (конечная) аралығындағы жолға ағымдық жөндеу, оның ішінде «Жетісу су құбыры» ҚМКК қазған жерге асфальт төсеу, қазылған люкті жабу, жол шетіне өсіп кеткен ағаш-бұтақтарды қию жұмысын жүргізу,  №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасынан (конечная) «Күншуақ» балалар оңалту орталығының күзет посты аралығындағы қурап тұрған, адамға қауіп төндіріп тұрған теректерді кесу, күзет постынан Гүлдәурен көшесіне дейін арық желісін жүргізу, Жоламан-Гүлдәурен көшелері аралығына тұрғындарға кішігірім сквер салу, балаларға стрит воркаут форматында турниктер орнату сынды мәселелерді жеткізді.

Аталған мәселелерді өз назарына алған Ержан Бакирбайұлы, шұғыл түрде тиісті орынбасарларымен бөлім басшыларына тапсырма беріп, тұрғындар сұрағы шешілусіз қалмайтындығын  атап өтті.

Нәтиже алысқа бармай, ертеңгі күні комиссия мүшелерімен қала әкімінің орынбасары А.Бегманов келіп, мәселемен толыққанды танысып, тұрғындар өтінішін тыңдады. Қаралған мәселелердің әрқайсысы бойынша қала басшылығы жеке-жеке тоқталып, шешілу мерзімдері бойынша өз жауабын берді.

Мәселен 2-3 жыл шешімі таппаған мәселе бірнеше күннен соң жүзеге аса бастады. Атап айтсақ, №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасына жарық шамдары жанып, айналасы реттелді. Сонымен қатар, Гүлдәурен, Жетісу өрнегі көшелерінде талай жылдан бері жабылмаған шұңқырлар асфальт төсемімен жөнделді. Сонымен қатар, Гүлдәурен-Көкжазық көшелері аралығында «Жетісу су құбыры» ҚМКК қазып, реттелмей қалған жолға асфальт төселді.

Ал көшелерге электр желілерін тарту, сонымен қатар, арық жүргізу мәселесі бір күнде шешілетін мәселе еместігін және жоба-сметалық жұмыстарға қаржы бөлу бойынша тиісті жұмыстар жүргізелітінін жеткізді. Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі тарапынан Жоламан, Көкжазық, Ақжазық көшелеріне асфальт төсеу бойынша биылғы жылға жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша тиісті қаржы қарастырылатынын жеткізіп, тұрғындардың алғысына бөленді. 

Бейнебақылау камерасы бойынша облыстық полиция департаментінен жауап хат келіп, биылғы жылға қалада 500-ден аса бейнебақылау камерасын орнату жоспарланғанын, қазіргі таңда сараптамада екенін жеткізіп, №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасына орнату жоспарда бар екеніндігі мәлім болды.

Ал жол бойында өсіп кеткен ағаш бұтақтары мен құлағалы тұрған құрғақ теректерді кесу бойынша коммуналдық сала өкілдеріне тапсырма беріліп, алдағы уақытта кесу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Тұрғындарды толғандырған тағы бір өзекті мәселе - балалар ойнайтын алаңнын болмауы. Бұл бойынша қала басшылығы тиісті жер қарастыру бойынша сәулет және қала құрылысы, сонымен қатар жер қатынастары бөліміне бос жер учаскесін анықтау бойынша тапсырма беріп, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне назарда ұстау керектігін жеткізді.

Осылайша, қала әкімі Ержан Жасыбаевтың істің адамы екеніне көз жеткізген Оңтүстік-шығыс тұрғын ауданының тұрғындары мәселелердің негізгі бөлігі шешілгендігіне шынайы алғыстарын білдірді. Түрғындар алдағы уақытта қалған шешілетін мәселелермен, оның ішінде жол, электр желілері бойынша тағы ой бөлісетіндіктерін атап өтті.

Это может Вас заинтересовать