Войти через

  • 8°C

Пятница, 29 марта

Талғарлық іскер әйелдер көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көрсетті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Biliminvest» білім беру инвесторларының ұлттық қауымдастығы президенті, аудандық Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Күләнда Батырбекованың бастамасымен Талғар ауданында игі істер атқарылуда.

«Атамекеннің» аудандық филиалының директоры Бағдат Әзімбаев, қауымдастық мүшлері және іскер әйелдермен бірлесе Жаңалық пен Нұра ауылдарында қайырымдылық шаралары өтті.
Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері, киім-кешек, қоларба мен велосипед сыйланды.

Қайырымдылық шарасымен бірге, Күләнда Уәлиханқызы ауыл тұрғындарын кәсіп ашуға, еңбектенуге шақырып, адал іспен айналысу қажеттілігін айтты. Керек болса «Атамекен» мен қауымдастық тарапы ауыл азаматтарына арнайы семинар-жиындар ұйымдастыруға дайын. Еңбекпен ел көгерер!

Это может Вас заинтересовать