Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Тарихи шешімнің рөлі зор

TINFO
TINFO
Служба новостей
3-4 мамыр күндер Алматы облысы үшін тарихта маңызды межемен есте қалды.
Біріншіден, мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай қаласына заманның заңғар тұлғасы Дінмұхамет Қонаевтың есімімен беріліп отыр. Іле жағасындағы іргетасы қаланған қаланың энергетика саласы дамып, демалыс аймағы ретіндегі жайлы елді-мекен мәртебесіне ерекше мән берілмек.

Қонаев қаласы әлеуметтік-экономикалық жағынан потенциалы жоғары, мегаполиске жақын, тоғыз жолдың торабында орналасқан әлеуеті зор шаhaр, ал облыс орталығы болып белгіленуі оған Алматы өңіріндегі аудан-қалаларға басқарушылық жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын жаңа серпін берері анық. Қаланың дамуына бір мысал, өткен жылдардың 50 жылдары қалада 14 мыңнан аса тұрғын болса, қазіргі таңда 60 мыңнан асып, демографиялық жағынан өсу көрсеткіштері артып келеді. 50 жылдық тарихы бар қала – облыс орталығы болуға тұрарлық деп есептеймін.
Сонымен қатар, президентіміз Жетісу облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, Талдықорған өңірінің дамуына жаңа бағытты айқындап берді. Облыс тек аграрлы саламен мақтан етіп отырған жоқ, экономиканың басқа салалары бойынша ілгері дамып, стратегиялық даму жоспары бар.

Жалпы, бұл жұмыстарға халықтың еркін білдіретін облыстық мәслихат депутаттары бір кісідей атсалысып, депутаттар тобы атынан халық қалаулысы ретінде облыстың екіге бөлінуі, Қапшағайға Қонаев қаласының есімін беру туралы бастаманы көтеріп, оның экономикалық тұрғыдан дұрыс екендігіне көз жеткіздіріп, кезектен тыс өткен мәслихаттың сессиясы барысында Жетісу облысын құру және екі облыстың шекарасын айқындалып, тиісті шешім қабылданған. Осы орайда, өңірдің халық қалаулылары екі облыстың өркендеп, дамуы жолында еңбек етіп, президентіміз қойған міндеттерді іске асыруға әзір.
Даулет Жарасбаев – облыстық мәслихаттың хатшысы, «Amanat» партиясының мүшесі

Это может Вас заинтересовать