Войти через

  • 22°C

Четверг, 28 марта

Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Үздік студенттер академиясының Сенат төрағасы атанды

TINFO
TINFO
Служба новостей

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Үздік студенттер академиясы» ұйымының Алматы облыстық филиалың және  «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігім туыммен тұғырлы, Елтаңбаммен еңселі» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Салтанатты жиынға "BILIM-ÒRKENIETI" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Саят Набиев Талдықорған қаласының жастарымен жүздесті.

Сонымен қатар Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ботбаева Ұлжан Ұлдаханқызын Үздік студенттер академиясының Алматы облысы бойынша Сенат төрағасы лауазымына тағайындап,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлының арнайы құттықтау лебізін жеткізді.

Атап өтсек Текелі қаласының баспасөз хатшысы Ұлжан Ботбаева осыған дейін бірнеше Республикалық сайыстарда топ жарып, 2020 жылы "Қазақстан Республикасы жастарының Алтын кітабына" және "ТМД елдерінің Үздік студенті" атты кітап жинаққа еніп, ғылым саласындағы жетістіктері үшін төсбелгілермен марапатталған.

"Үздік студенттер академиясы" 2018 жылы құрылған.  Ұйымның басты мақсаты - жастарға патриоттық тәрбие беру арқылы, олардың бойындағы шығармашылық, көшбасшылық қасиеттерін дамыту болып табылады.

Бүгінде аталған академия құрамына еліміздің 1000 жуық студент жастары қосылған. Сонымен қатар республикамыздың әр өңірінен сенат төрағалары бекітілген.

Это может Вас заинтересовать