Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Текелідегі демалыс орнына 150 млн теңге инвестиция тартылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Текелі қаласындағы Қазақстанның Д.А. Қонаев атындағы ең ұзын көшесінде Жоңғар Алатауының бөктерінде орналасқан «Жасыл әлем» демалыс орталығы қайта жаңғырып, жаңа атаумен ашылды.

Ашылу салтанатына қала әкімі Б.Молдахметов, қалалық мәслихат хатшысы Н.Калиновский, қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Жұмаділов және «Toimart» дүкендер желісінің иесі, кәсіпкер Б.Серікұлы қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.

Кешеннің орналасқан жері Текелі өзенінің жағасында көркем шатқалды, таза ауа және сыңғырлаған судың үнін тамашалауға мүмкіндік береді.

Демалыс орнының иесі болашақта туризм саласын дамытуды жоспарлап отыр.

Нысанға 150 млн теңгеден астам инвестиция тартылып, 10 шақты тұрақты жұмыс орны ашылған.

Это может Вас заинтересовать