Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Текелілік құсбегілер отбасы дауыс берді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Текелідегі №1031 сайлау учаскесінде елімізге танымал саятшы, атбегі, құсбегі, Ұлттық спорт қауымдастығының республикалық деңгейдегі төрешісі, еңбек ардагері Бүркітбай Файзолла отбасымен, ұлдары Ғалымбек пен Жасұлан, келіндері және немерелерімен бірге өз таңдауларын жасады, tinfo.kz хабарлайды

Бүркітбай Файзоллаұлы бала кезден баба мұрасын қасиет тұтқан, жылқының тектілігін, қыранның қырағылығын бойға дарытып, көрген-білгенін іске жарата жүріп ата кәсіптің тілін меңгерген жан. Оның күміс тұяқ тұлпар баптап, тазы ертіп, қылыш тұмсық, қайқы төс қыран құс ұшырған бекзат болмысы, ұлттық салт-дәстүр, өнер мен кәсіпті дәріптеп, оны өскелең ұрпаққа үйретіп жүрген ұстаздық ұлағаты барлық құрметке лайық. Құсбегі, атбегі Бүркітбайдың есімі тек Жетісу өңіріне ғана емес, ата дәстүрі мен кәсібін құрмет тұтатын қазақ жұртына мәлім.

Ұлы Жасұлан әке жолын жалғап, бабы келіскен қыран құстарын өңірлік, республикалық саятшылық жарыстарына қосып, маңдайы жарқырап жүлде алып жүр. Немересі Әлғазиз да ата мен аға тәліміне ден қойып, құс баптаудың қыр-сырын меңгеруде.

Әулеттің арқасүйер абыз атасы Бүркітбай Файзоллаұлы: «Ел тізгінін сеніп тапсыратын тұлғаны сайлаудың, азаматтық парызды өтеудің мән-маңызын өсіп келе жатқан ұрпаққа ұғындыру үшін сайлауға бала-шағамызбен бірге қатысып, саяси науқанға жауапкершілікпен қарап жатырмыз. Қазақстанның әр азаматы ел болашағы үшін маңызды сайлаудан қалыс қалмауға тиіс деп білемін. Іргеміз берік, бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!»,– деп аталы, баталы сөзін айтты.

Это может Вас заинтересовать