Войти через

  • 20°C

Вторник, 23 апреля

Террористік аймақтан қайтарылған қазақстандықтар Абай өлеңдерін оқу эстафетасын бастады

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Жусан» операциясы аясында террористік белсенді аймақтан қайтарылған азаматтар Абай өлеңдерін оқу эстафетасын бастады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Эстафетаны алғаш Қарағанды облысында қолға алынып, Алматы облысына қайтарылған әйелдер қауымына жолданды. Эстафетаның видеонұсқасын Алматы облысының Дін істері орталығы Youtube видеохостингінде және әлеуметтік желілерде жариялады.

Алматы облысынан эстафетаны Құралай Абдубайтова сөз алып, ұлы Абайдың шығармашалығы өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.

«Ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен оқу эстафетасын жолдаған екен. Абай шығармалары әлі күнге дейін өз маңыздылғын жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз бұл бастаманы үлкен қуанышпен қабыл алдық. Ол өткен заманның, кешегі Түркі дүниесінің соққан тынысы болса да, бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды - Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді», - деді ол.

Ары қарай Абай өлеңдерін Жанар Асанова, Айдана Рахымбекова, Гульнар Мусаева, Айдана Турдымуратова жалғастырып, ақынның ойлы сөздерін паш етті.

https://www.youtube.com/watch?v=aXXP_gLjDek&feature=youtu.be

«Жусан» операциясы аясында террористік белсенді аймақтан Алматы облысына қайтарылған әйелдер қауымы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ары қарай Шымкент және Ақтөбе облысына жолдады.

Фото: видео скриншоты

Это может Вас заинтересовать