Войти через

  • 20°C

Четверг, 18 апреля

Туризм – экономиканың негізгі тірегіне айналады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін «Nur Otan» партиясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде келелі кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар қатысты. «Nur Otan» партиясы Алматы облысынан ұсынылған үміткерлер – Ержан Жасыбаев, Жанна Телпекбаева және Әлия Әбсеметова мен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат, «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды штабының төрағасы Қуат Байғоджаев жиынға қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды. Бағдарламадағы әр басымдыққа жеке тоқталған спикерлер жалпы облыс көлеміндегі негізгі мәселелермен қатар Еңбекшіқазақ ауданының қазіргі жағдайы мен мол мүмкіндіктерін сөз етті.

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев Еңбекшіқазақ ауданынан облыстық сайлауалды бағдарламаға кіргізілген Түрген шатқалындағы қысқы демалыс аймағы жобасы жайында сөз етті. Сонымен қатар облыс көлеміндегі Қапшағай, Балқаш, Алакөл, Шарын шатқалы, Ұйғыр ауданындағы ыстық сулар, Табаған мен Ақбұлақ сынды туристік орындарды тізбелеп, олардың қазіргі жағдайы жайлы баяндады. - Райымбек ауданында Тұздыкөл дейтін көл бар. Табиғаты керемет. Бірақ сол кереметті халыққа көрсете алмай отырмыз. Себебі оған баратын жолдар сапасыз. Міне, осы мәселені шешсек, туризмнің дамуына серпін болады. Ал қызмет көрсету саласы өздігімен жолға қойылады. Оған мысал, Сатай ауылына барсаңыздар, туристер үшін қажеттінің бәрі бар деуге болады. Шағын қонақүйлер, дүкендер, даладағы отыратын орындықтар мен қоқыс жәшіктері, т.б. Мұның бәрі туризмнің дамуы үшін үлкен рөлге ие, – деді Ержан Бакірбайұлы.

«Прогресс» политехникалық колледжінің директоры Жанна Телпекбаева партияның республикалық бағдарламасын жан-жақты таныстырып, оның ішінде білім саласына кеңінен тоқталды.

- Білім саласындағы эксперименттерді тоқтатып, білімге деген құштарлықты арттырамыз, үшауысымдық мектептердің біртіндеп азайта отырып, балаларымыздың толыққанды жағдайда білім алуына бар жағдайды жасаймыз. Біздің мақсатымыз – анық. Ол – жақсы, лайықты өмірге деген талпыныс. Біздің партиямыздың да мақсаты – әр азаматқа лайықты өмір. Ендеше, осы мақсаттың орындалу жолында бірлесе күш жұмсайық!, – деді ол.

Жиналысты қорытындылаған «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қуат Байғоджаев жиынға қатысушыларды 10 қаңтарда азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать