“Үздік педагог” конкурсы: тәжірибе мен табыс сабақтастығы

TINFO
Служба новостей

2025 жылғы 14 мамырда Жетісу облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақсу ауданы Жансүгіров атындағы орта мектебінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары қатысатын облыстық семинар-практикум өтті.

Шара мақсаты – республикалық кезеңде «Үздік педагог» атанған ұстаздардың тәжірибесін тарату, педагогикалық шеберлікті арттыру.

Семинар пленарлық отырыспен басталып, үздік педагогтер математика, бастауыш сынып, ағылшын тілі және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ашық сабақтар өткізді. Тәжірибелік бөлімде «Үздік сабақтың 10 белгісі» тақырыбында шебер-сынып, педагог портфолиосына қойылатын талаптар бойынша практикалық алаң және эссе жазу бойынша коучинг-сессия ұйымдастырылды.

Семинар ұстаздар арасында кәсіби ынтымақтастық пен үздік тәжірибені насихаттауға бағытталды.

Это может Вас заинтересовать