Войти через

  • 22°C

Суббота, 25 июня

Вакцина оразаны бұза ма?

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорғандағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас имамы Ардақ Оразбай вакцина салдырудың оразаға әсері туралы жауап берді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Имамның айтуынша, екпе салдыру оразаны бұзатын амалдарға жатпайды.

«Шариғат бойынша оразаны ағзаға табиғи жолдар – ауыз, мұрын, ішек арқылы енетін заттар   бұзады. Ал денеге коронавирусқа қарсы екпені салдыру оразаны бұзбайды», - дейді Талдықорғандағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас имамы Ардақ Оразбай.

Сондай-ақ, ол емдеуге қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін айтты.

Айта кетейік, биылғы жылы садақа мөлшері 420 теңгені құрап отыр.

«Садақаның мөлшері екі кг ұнның орташа құны негізінде есептелді. Ұн бағасы ҚМДБ-ның қалалық және аймақтық өкілдіктері ұсынған ақпарат негізінде анықталды. 2020 жылы пітір-садақаның мөлшері 370 теңгені құрады. Пітірді Рамазан айы бойы беруге болады», - деп атап өтті Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің имамы Алмас Данағұлов.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 13 мамырда мұсылмандар Ораза Айт мерекесін, ал қасиетті түн-Қадыр түнді 8-9 мамыр аралығында қарсы алады.

Это может Вас заинтересовать