Войти через

  • 16°C

Суббота, 20 апреля

Ұйғыр ауданында 46 кәсіпкердің құқығы қорғалған

TINFO
TINFO
Служба новостей
Ұйғыр аудандық прокуратурасы және Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған мобильді топтың сенім телефонына келіп түскен үш хабарламаны қаралды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Аудандық жергілікті атқарушы орган тарапынан келісімшарт бойынша енгізілген 3% міндеттемелері әлеуетті өнім берушілерге бүгінгі күнге дейін қайтармау дерегі анықталған. Осыған орай, аудандық прокуратурамен тиісті талдау шаралары жүргізіліп, нәтижесінде жергілікті атқарушы органға прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қаралу барысында 46 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Осыған байланысты құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мобильді тобына жүгініп, 8 700 261-86-05, 8 701 780-78-84, 8 747 222-01-40, 8 708 129-42-07 байланыс телефонына хабарласуға немесе Шонжы ауылы, Әль-Фараби көшесі №21 мекен-жайында орналасқан аудандық прокуратурасына және әл-Фараби №70 мекенжайында орналасқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына келіп құқықтарыңызды корғай аласыздар!

Это может Вас заинтересовать