Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы

TINFO
TINFO
Служба новостей
Шәкіртінің бойына білім нәрін сусындатып, ақылын айтып, қателерін түзеп, оны кешіре білген ардақты ұстаздарымыздың дәрежесі қашанда жоғары.

Баланың тәрбиесі отбасынан басталады, бірақ ол тәрбиенің құндылықтарын арттыратын білім ордасы болса, бұл ошақтың жаны мен жүрегі – мұғалім. Сондықтан отбасынан кейінгі баланың тәрбиесі мектепте, одан кейін орта және жоғары білім беру орындарында қалыптасады.

Жақсы ұстаз өз шәкіртіне әрқашанда үлгі болып қалады. Осы бір қанатты сөздің аясында ұлық тәрбиенің барлығын шәкірт тәрбиелеу жолына жұмсап келе жатқан Алакөл гуманитарлық техникалық колледжінің арнайы пән мұғалімі Жұлқайдарова Жадыра Санатқызы. Менің ойымша, жақсы ұстазда біріншіден, терең білім болуы тиіс. Ал содан кейін үлкен жүрек болуы керек. Себебі, барлық білімгердің еркелігін көтеріп, әрбір студентті өзіне тарта білу және оны тыңдай білу әр адамның қолынан келе бермейтін жауапты іс. Дәл осындай үлкен жүрек пен шәкіртіне деген шексіз махаббат Ж.Жұлқайнарованың бойынан табыла білген алтын қасиет десем артық айтқаным емес.

Мамандық айналамызда жетерлік, бірақ кез-келген маманды маман қылатын ұстаз. Ол кісілердің еңбегін бағалап, өздерін сыйлап, құрмет тұту әр шәкірттің міндеті. Себебі, ұстаздық оңай мамандық емес. Осы орайда, ұстаздық жолында талай түлектерді жаңа белестерге жетелеп, қанат қаққызып, білім нәрімен сусындатып, қоғамдық өмірден қалыс қалдырмай еңбек етіп келе жатқан Жадыра Жұлқайнарова бүгінде инженер – механик, «Жол – құрылыс машиналарын техникалық пайдалану түрлері» мамандығы бойынша жас түлектерді даярлауда. Сонымен қатар, кураторлық қызметті де бірге алыуда. Өзінің еңбек жолында республикалық, облыстық, аудандық додаларда бақ сынап, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Бүгінде аяулы жар, үлгілі келін болып отырған Жадыра Жұлқайнарова төрт баланың ардақты анасы. Мұғалімдік қызметпен қатар, үй жұмыстарына да үлгеріп, өзінің жеке әуесқойлығын да (Хобби) өрге домалатып отыр. Дейім жұрттың ыстық ықыласына бөленіп үлгерген ұлағатты ұстаздың жеке сүйер хоббиі жеміс – жидектерден фуршет жасау болып табылады екен. Жалпы, мерекелік дастарханға сән беретін фуршет атаулы дүниені жеміс – жидектерден безендіру арқылы көпшіліктің көңілінен шығып жүргені де рас.

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақындығы»- дегендей ұстаздың міндеті ауыр, сонымен қатар жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Шыдамдылық пен төзімділік қасиеттері ұстаз маманына ауадай қажет. Елімізде орын алған эпидахуалға байланысты қашықтықтан оқыту кезіңде де ұстаздарымыз қиындыққа дес бермей, студенттердің толыққанды білім алуына бар күш – жігерін сала білді. Ұстаз – өз кәсібін, барлық шәкіртін шексіз сүйетін адам. Осы сүйіспеншілігінің арқасында шәкірттерін алға жетелейді, бағыт-бағдар береді, шабыттандырады, іске батыл және сенімді қарап кірісуіне септігін тигізеді. Ұстаз үнемі лүпілдеп соғып тұрған жүректің жадында сақталады. Шәкірт пен ұстаз арасындағы сыйластық, өзара қамқорлық сезімдері шәкіртінің шыңдалуы мен білім нәрімен сусындауына септігін тигізеді.

Это может Вас заинтересовать