Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

Қытайдан заңсыз тауар өткізгендер ұсталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Қорғас» ШЫХО кеден бекетінде темекі, тері өнімдері мен гаджеттердің ірі партиясы ұсталды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Тауарлар кеден бекетінде ҚХР-дан ҚР-ға шығу кезінде ұсталып, тәркіледі. Атап айтқанда темекі бұйымдары, тері өнімдері, дәрі-дәрмектер, компьютерге арналған жинақтамалар, фитнес сағат-білезіктер.

Қазіргі таңда істің барлық мән жайы анықталуда, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Фото: МКД.

Это может Вас заинтересовать