Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Заман талабы білімді ұрпақ даярлау

TINFO
TINFO
Служба новостей

Болашақ үшін білімнен асқан мығым капитал жоқ. «Білекті бірді, білімді мыңды» жығады деген тәмсілді баба жұрт тегін айтпаса керек. «Nur Otan» партиясы білім саласында етжеңді шаруаларды жоспарлап отыр. Мәселен, партия сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылдықта өңірде балабақша сұранысын 100 пайыз қамтуды көздейді. Үш ауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақты тәрбиелемек. Міне, осындай тақырыпты арқау еткен жиын ZOOM платформасы арқылы өтті. Білім саласының қызметкерлері қатысқан жиынға Алматы облыстық мәслихатқа үміткер Жанна Жазықбаева мен Қаратал ауданының бірқатар аудандық мәслихатқа үміткерлері қатысты.

Жалпы елімізде білім саласында жасалып жатқан оңтайлы істер жетерлік. Бүгінде Алматы облысы елдегі пандемиялық ахуалға сәйкес қашықтықтан оқуды жүйелі жүргізіп келеді. Қажетті жабдықтармен қамтуда да нәтижелі жұмыс байқалады.

- Жалпы өңірде 867 балабақша, 760 мектеп, 76 колледж бен 2 жоғары оқу орны бар. Партия алдағы уақытта білім саласының нысан сандарын ұлғайтпақ. Себебі үш ауысымдық мектептерді азайту не мүлдем жою негізгі тақырып болып тұр. Осы бағытта Алматы облысында үш ауысымдық мектептерді жою үшін 80 мектеп салынбақ. Мұнан өзге партия өңірде балабақшамен қамтуды 10 пайыз шешпек. 101 білім беру нысанында қайта жаңғырту жүргізіп, пәндік кабинеттерді компьютерлік жабдықпен қамтуды 67,4 пайызға жеткізуді межелеп отырмыз, - деді облыстық мәслихатқа үміткер Жанна Жазықбаева.

Сондай-ақ, партия қашықтықтан оқыту сақталған жағдайда әлеуметтік осал отбасылардың балаларын компьютерлік техникамен толық қамтуды қамдастыруда. Осынша жүйелі жұмыстың нәтижесінде өңірде ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаған түлектердің үлес салмағы 24 пайыздан 35 пайызға ойыспақ.

Болашақ үшін білімнен асқан мығым капитал жоқ. «Білекті бірді, білімді мыңды» жығады деген тәмсілді баба жұрт тегін айтпаса керек. «Nur Otan» партиясы білім саласында етжеңді шаруаларды жоспарлап отыр. Мәселен, партия сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылдықта өңірде балабақша сұранысын 100 пайыз қамтуды көздейді. Үш ауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақты тәрбиелемек. Міне, осындай тақырыпты арқау еткен жиын ZOOM платформасы арқылы өтті. Білім саласының қызметкерлері қатысқан жиынға Алматы облыстық мәслихатқа үміткер Базархан Байтаев пен Қаратал ауданының бірқатар аудандық мәслихатқа үміткерлері қатысты.

 

 «Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді 

Это может Вас заинтересовать