Войти через

  • 22°C

Четверг, 28 марта

Жаңа жылда Алакөл ауданында 6 бала дүниеге келді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жаңа 2020 жылда Алакөл ауданында 6 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Жаңа жылда дүниеге келген нәрестелер мен аналарға құрмет көрсету мақсатында Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.Абдинов пен аудандық аурухананың бас дәрігері А.Бутабаев аудандық перезентхананың жас босанған аналарын нәрестелі болуларымен құттықтап, жаңа туған нәрестеге арналған сыйлықтар мен тәттілерін табыс етті.

Сондай-ақ, 1 қаңтарда сағат 11:45 уақытында алтыншы қызын дүниеге алып келген Алия Байболованы да құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

Жас аналар осындай айтулы күні, өздеріне көрсетілген ерекше құрмет үшін Алакөл ауданы әкімдігіне алғыстарын білдіріп, олар үшін бүгінгі күні дүниеге сәбиімен бірге, осындай тосын сыйдың жасалуы екі есе қуаныш екенін жасырмады.

Айта кету керек, өткен 2019 жылы ауданда барлығы 903 сәби дүниеге келген, оның үшеуі егіз.

Фото: Алакөл ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать