Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Жамбылдық кәсіпкер грант алып, тігін цехын ашты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғыны, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерінің оқыту жобасының түлегі Сулейманова Салима Алимхановна мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант алып, өзінің тігін цехын ашты. Сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдыру мақсатында ол алдымен «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.

– Мен 21 күн бойы онлайн курстан өттім. Содан кейін өзімнің бизнес жобамды әзірлеп, сертификат алдым. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында комиссия алдында жобамды сәтті қорғап, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алдым. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде жеке цех аштым. Қазіргі уақытта то­лық­қанды жұмыс істеп тұр. Біздің цех арнайы киімдерді тігуге бағытталған. Алматы, Атырау қалаларынан түскен тапсырыстарды орындап, жөнелттік, Қазіргі таңда тапсырыстар көп – дейді кәсіпкер Сулейманова Салима.

Кәсіпкердің айтуынша, грант бойынша берілген қаражатқа мамандандырылған тігін машинасы және қажетті құрал-жабдықтар, маталар сатып алынды. Жамбыл ауданындағы «Дәурен» сауда нүктесінің 2 ші қабатын цех ашуға жалдаған. Бүгінгі күні екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Тапсырыстар жергілікті тұрғындардан ғана емес, басқа да қалалардан түсуде. Дәл қазір Ұзынағаштық «Asia-Star» гимнасткаларына Қызылордаға жарысқа қатысуы үшін арнайы спорттық киімдер тігу үстінде екен. Салимаға кәсібің өрлей берсін дейміз!

Это может Вас заинтересовать