Войти через

  • -7°C

Суббота, 07 декабря

Жаңа саяси дәуір

TINFO
Служба новостей

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында мемлекет Басшысының 7 жылға бір ретік мерзімде сайлануы туралы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасына қолдау білдіріп, еліміздің Конституциясына түзетулер енгізілді, tinfo.kz хабарлайды.

Еліміз жаңа саяси дәуірге басты және президенттің реформаларының айқын көрсеткіші болып отыр. Мемлекет құрылымын қалыптастыратын жаңа бағыт демократиялық бетбұрыстың үлгісі деп білемін.

Мемлекеттік басқарудың жаңа талаптары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында оң серпінін беріп және алдағы уақытта президент боламын деген азаматтарға жауапкершіліктің күшейетінін көрсетіп отыр. Әрине әр мемлекетте басқару талаптары әр түрлі және өз заңдары бар, бірақ біз Орта Азия елдері ішінде президенттің бір реттік басқаруы туралы бастаманы іске асырғалы отырған алғашқы мемлекетпіз. Бұл жүргізіліп отырған саяси реформалардың басты мақсаты - елдің үнін тыңдайтын президент, халық үніне құлақ асатын мемлекет ретінде танылып, халықпен биліктің ортасындағы алтын көпірдің нығаюы ретінде бағаласа болады.

Ендігі міндетіміз осы аталған реформалардың нәтижесін көру, бірақ барлығы бір күнде болып кетпейтіні анық, алайда уақыт келе маңыздылығы арта түсетіні анық.

Секенбай Шенгелбаев – Жетісу облыстық мәслихатының депутаты

Это может Вас заинтересовать