Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Жанна Телпекбаева мен Жанарбек Әшімжан құрылыс нысандарының сапасын бағалады

TINFO
TINFO
Служба новостей

13 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Жанна Телпекбаева, Жанарбек Әшімжан және облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев Ұйғыр ауданына іс-сапармен келді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бірінші кезекте, халық қалаулылары «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының Ұйғыр ауданында іске асу барысы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандармен танысты. Атап айтқанда Шонжы ауылында құрылыс жұмыстары басталған 60 пәтерлі тұрғын-үй нысанын көріп, жұмыс кестесі, құрылыс сапасына мән берді. Депутаттар сайлауалды бағдарламада көзделген әр нысан халық қалаулыларының үнемі назарында болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, жергілікті жердегі мәслихат депутаттарына нысанның уақытылы пайдалануға берілуін қатаң бақылап, мониторинг жұмыстарын ұдайы түрде жүргізу қажеттігін жеткізді. Іс-сапар жалғасы Қарадала учаскесінде орналасқан «Otan Green Food» құс фабрикасына және Кетпен ауылының мәдениет үйіне барып қайтты. Кетпен ауылының тұрғындары үшін мәдениет үйінің күрделі жөнделуі - көптен күткен қуаныш, ауыл үшін өте маңызды. Мәжілісмендер тарапынан құрылыс нысандарына әр уақытта депутаттық бақылау жұмыстары жалғасып тұрмақ.

Это может Вас заинтересовать